Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

«Сүлеймен сұлтан» сериалы эфирге қайта оралды

нау 30, 2018 902

«Сүлеймен сұлтан» сериалы қазақ көрерменімен қайта қауышады. 2 сәуірден бастап «Алматы» телеарнасы арқылы көптен күткен түрік сериялы қайта эфирге шығады. Онда Азия, Еуропа, Африка құрлықтарын бағындырған Осман империясының көрнекті өкілі Сүлеймен сұлтан билік жүргізген кезең, оның кейін Хюррем деген атқа ие болған украиналық Анастасия деген сұлумен арасындағы махаббат, сарайішілік талас-тартыстар баяндалады.


«Сүлеймен сұлтан» сериалының басты рөлін «Зерда», «Мың бір түн» телехикаялары арқылы қазақ жұртының сүйіспеншілігіне бөленген Халит Эргенч сомдайды. Актер алғаш шығармашылық жолын 1996 жылы бастаған. Өзінің кәсіби музыкалық білімінің нәтижесінде «Нью-Йорк», «Призрак», «Любит меня» мюзиклдарындағы рөлі арқылы көрермен есінде қалды..



Небахат Чехре (Валидэ сұлтан)

1944 жылы 15 наурызда Түркияның Самсун қаласында туған. Жұлдызы – балықтар. Бойы 166 см. «Сүлеймен сұлтан» киносериалында Сүлейменнің анасы Валидэ сұлтан рөліндегі Небахат Чехре шын мәнінде Түркиядағы ең әдемі әйелдердің бірі. Ол жас кезінде-ақ «Түркия аруы» атағын жеңіп алған. Ең алғашқы шығармашылық жолын фотомодель кәсібімен бастады. Өз мақсаттарына жетуден тайынбайтын Небахат Чехре 1962 жылы алғаш рет фильмге түсуге ұсыныс алды. Бірінші дебюті ойдағыдай шығып, кино әлеміне қадам басады. Қазіргі таңда 83 фильмге түскен.




Мeрьем Узэрли (Хюррем сұлтан)

Мерьем Узерли 1983 жылы 12 тамызда Германияның Кассель қаласында туған. Анасы неміс, әкесі түрік. Мерьем – отбасында төртінші бала. Екі ағасы мен апкесі бар. Бірнеше неміс фильмдеріне түскен. Гамбургтегі «Schauspielstudio Frese» оқу орнын бітірген. Кейіннен театрда да жұмыс істеген. Талантының арқасында «Сүлеймен сұлтан» сериалындағы Хюррем-Александра рөліне мыңдаған қыздардың ішінен таңдап алынды. Киносыншылар М.Узэрлиді мінезді, мықты актриса деп бағалайды. Ол бір сұқбатында «Өмірім қанша қиындаған сайын, соншалықты жұмыс жасаймын. Өмірімде жасаған ең батыл қадамым – Түркияға келуім»,- деген.



Окан Ялабык (Ибрахим)

1978 жылы 13 желтоқсанда Стамбұл қаласында туған. 16 жасынан бастап театр сахнасында өнер көрсеткен. 1997 жылы Стамбұл Мемлекеттік университетін актер мамандағы бойынша бітірген. «Байрак» қойылымындағы жақсы рөлі үшін 2002 жылы алғаш рет киноға түсуге ұсыныс алған. «Гюлюм» киносындағы алғашқы дебюті жақсы шығып, «Сүлеймен сұлтан» сериалындағы Ибрахим рөлін сомдаған.



Бурак Озчивит (Малкочоглу Бали-бей)

«Сүлеймен сұлтан» телехикаясында Малкочоглу Бали-бей рөлін сомдағаннан актер Борак Озчивит. Ол алғаш рет киноға 19 жасында түскен. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі екінші орынды иеленген. Оның айтуынша, алдағы уақытта телехикаяның жалғасы түсірілуі әбден мүмкін.


«Сүлеймен сұлтан» сериалы қазақ көрермендерінің сұрауымен «Алматы» телеарнасынан қайта көрсетілетін болады. Тарихи фильм 2 сәуірден бастап, кешкі сағат 19:55-те эфирге шығады.




Ақпарат: akjunis.kz сайтынан алынды.

Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.


нау 30, 2018 902

Осы мақаламен бөлісу

Ұсынылған

Ұсынылған