02.09.2014

Алматыда үшінші Мега ашылды

Бүгін Алматылықтар тағы бір қуанышты көріністің куәсі болды. Дәл мерекеге тұспа тұс, жаңа Мега парк ойын сауық орталығының тұсауы кесілді. Не бәрі бір жарым жылдың ішінде іске қосылған ірі ғимараттың жобасын франциялық компания дайындап, құрылыс жұмыстарын түркиялықтар жүргізген. Сауда орталығының ашылу салтанатына қала әкімі де қатысты.

Сейфуллин көшесі бойында ашылған жаңа Мега ойын сауық орталығының көлемі 106 мың шаршы метрден асады. Бұл ірі жобаға отандық банктен 23 миллиард теңге қаржы тартылған. Мега парктің ашылуына қатысқан қала әкімі Ахметжан Есімов, «мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту және халықтың сұранысына сай жоғары қызмет көрсету деңгейін көтеру жұмыстары жалғасады», - деді.

«Біз бүгін Мега Парктің ашылуына қатысып жатырмыз. Сауда ойын-сауық орталықтары соңғы кезде көптеп ашылып жатыр. Бұлда Алматылық тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы Мега-2 ашқан болатынбыз. Биыл міне үшіншісін ашып жатырмыз», - деді Алматы қаласының әкiмi Ахметжан ЕСIМОВ.

Балаларға арналған «Елдерге саяхат» атты Наррylonның өзі 2600 шаршы метрді қамтыса, сауда алаңы 46 мың шаршы метрден асады. 105 дүкен желісі, Вьетнам, Корей тағамдарынан бастап дәстүрлі ас түрлерін дайындайтын мейрамханаларда қонаққа сапалы қызметін бастап кетті. Бұл Мега парк орталығы тек бренд тауарларға бейімделген.

«Мен Алматы тұрғындарына ризамын. Өйткені олар мәдени жерлерді бағалай біледі. Бұл орын отбасылық демалыс орнына бағыталған. Алматының тағы бір ұнайтыны ол бизнесті, кәсіпкерлікті дамытамын деген адамға мүмкіндіктер көп жасалған», - деді ASTANA GROUP холдингiнiң президентi Нұрлан СМАҒҰЛОВ.

Сейфуллин мен Маметова көшелерінің бойында салынған мәдени орталықта 1600 автокөлік сиятын тұрақ салынып, 1600 адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет бюджетіне жылына 380 миллион теңге құятын кешен мереке қарсаңына орай келушілерге ұтыс ойындары арқылы сыйлықтар жасап, тегін кинолар ұсынбақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Ерлан Сағымбеков, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир