Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын – Ақжол Мейірбеков

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын – Ақжол Мейірбеков

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Ақжол Мейірбеков қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақ елінің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр, мерекеміз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!

Еліміздің несібесі мол болсын! Көпұлтты халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Елімізде ауызбіршілік, ынтымақ, бейбітшілік болып, қуаныштан қуанышқа жете берейік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстан елі жасай берсін!» – дейді әнші.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир