|
21.10.2021 | 17:51
4947

Манаш Қозыбаевтың 90 жылдығына орай ғылыми жинақ жарық көрді

Алматыда «Тарихшы және оның заманы» атты кітаптың таныстырылымы болды

Манаш Қозыбаевтың 90 жылдығына орай ғылыми жинақ жарық көрді Almaty.tv

«Тарихшы және оның заманы». Бүгін Алматыда осындай атаумен жарық көрген кітаптың таныстырылымы болды. Ғылыми жинақ Президент архивінің қор құрушысы Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналып отыр. Отандық тарихтың алпауытына арналған іс-шара мемлекеттік мұрағат ғимаратында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында оның еңбектерінің көрмесі ұсынылып, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми конференция ұйымдастырылды. Айта кетейік, тарихшы Манаш Қабашұлының еңбектерінің арқасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш қайраткерлерінің есімі қайта жаңғырған еді.   

«Тәуесіздік – шығармашылық адамдарының шабытының ашылған жылдары десек те болады. Қайта құру жылдарынан бастап, ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін ашуда сол бастаманың бастауында академик Манаш Қабашұлы тұрды», – деді ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жоғарғы санатты маманы Зирабүбі Төленова.

«Тарихты адам арқылы көрсету осы Манекеңнің тұсында бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілді. Манекеңнің ықпалымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарих жылы, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жылы, еске түсіру жылы, осындай іргелі-іргелі науқандар, іс-шаралар жүзеге асты. Оның бәріне Манекеңнің қатысы бар», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир