Алматыда республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті – жеңімпаз кім

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараға бас аяғы 400-ге жуық өнерпаз қатысып, сүрінбей өткен

Алматыда республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті – жеңімпаз кім

Алматыда «Шабыт өрені» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпазы белгілі болды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараға бас аяғы 400-ге жуық өнерпаз қатысып, сүрінбей өткен 25 жас ақын соңғы кезеңде бақ сынасты. Толығырақ Almaty.tv тілшісі өрбітсін.

Ақтық кезеңге өткен шайырлардың барлығы да еліміздің түкпір-түкпірінен келгендер. Жарыс ережесі бойынша қатысушылар 14 пен 20 жас аралығында болу керек. Олар әуелі онлайн іріктеудің бірінші кезеңінде белгілі ақын Сансызбай Құттыбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, келесі турда өз туындыларын ұсынды. Нәтижесінде БҚО, Тасқала ауданынан келген 16 жасар Ақбота Орынбай бас жүлдені иемденді.

«Қазір өзімді айта алмаймын. Өте толқып тұрмын. Осындай бас жүлде алған кезде өткерген күндерім, қаншама ұйқысыз түндер осы жетістікке жеткен еңбегімнің бір нәтижесі болды. Осы орайда жетекшім Меңдібек Нұрболатұлына өзімнің алғысымды білдіремін», – деді мүшәйра жеңімпазы Ақбота Орынбай.

Мүшәйра ұйымдастыршылары болса шараның негізгі мақсаты жас таланттарды анықтап, қазақ әдебиетінің дамуына әрі үлес қосуына қолдау көрсету, дейді.

«Енді балалардың талпынысы өте жақсы. Таңдау өте қиын болды. Себебі тәуелсіздік рухымен қанаттанған жастардың көзқарасы, өлеңге деген ниеті, талпынысы бізді сүйсінтті Ақбота Орынбай», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмат Исәділ.

«Енді әр сайыстың өзінің қиындығы мен қызығы болады ғой. Бұл сайыстың бір қиындығы ақындар 10-12 шумақтан кем өлең жазбау керек. Яғни, сол жағы бізге аздап қиындау болып кетті», – деді мүшәйраға қатысушы Райымбек Саматов.

Одан бөлек, мамандар алдағы уақытта жүлдегерлер мен қатысушылардың шығармаларын жарыққа шығарып, жас ақындарға жол ашу мақсатында халыққа таныстыруды көздеп отыр.

Мерей Қанапиянов, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир