|
18.05.2020 | 15:57
3661

Ұлы Жеңіске 75 жыл: Жаудың 600 минасын жойған ардагер Зұлқарнай Сейітов жайында

Зұлқарнай Сейітов қазір 98 жаста

Ұлы Жеңіске 75 жыл: Жаудың 600 минасын жойған ардагер Зұлқарнай Сейітов жайында almaty.tv

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бір өзі жаудың 600 минасын жойған ардагер  Зұлқарнай Сейітов қазір 98 жаста. Ол 20 жасында майданға аттанады. Жаужүрек батыр Ленинград, Сталинград қалаларын азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен. Ерлік істерімен танылғанынан бөлек, ғалымның биология саласында да есімі ғылыми қауымдастыққа жақсы таныс. Оның ұлтымыздың асыл тағамы қымызды бір жыл сақтау технологиясын ойлап тапқаны да белгілі. Almaty.tv тілшісі аты аңызға айналған тұлғамен тілдесіп қайтты.

Жас жауынгер алдымен соғысқа аттанбас бұрын мина іздеуші, танкі жойюдың әдісін үйрететін Қызыл Әскердің Орталық-техникалық мектебіне дайындық курсына түседі. Бар болғаны бір айдың ішінде қару ұстап, әскери иттермен жұмыс жасауды үйренеді. Зұлқарнай Сейітовтің 1941 жылы алғашқы қатысқан шебі Ленинград майданы. Ісі ширақ 20 жастағы Зұлқарнай осылайша, 28-танкті жойғыш жасағының құрамына қабылданады. Оған берілген басты тапсырма - немістер танкісін жою. Тапсырманы орындау үшін ол қасындағы жолдастарымен ерекше әдіс ойлап тауыпты.

«3-4 айдай итті үйреттік. Қалай танк астына кіру керек. Иттің үстінде мина. Итті танкке жібересің. Мина үстіндегі жарылады. Танк быт-шыт болады. Бөлім командирі Ченобытов итін жіберіп, бір танкті қиратты», – деді соғыс ардагері Зұлқарнай СЕЙІТОВ.

Ардагердің айтуынша, танкіге қарсы арнайы қару-жарақтың жетіспеуі салдарынан осындай тәсілді қолдануға мәжбүр болған. Мәселен, бір ғана Сталинград түбіндегі шайқас кезінде жолдастарымен бірге төрт аяқты «достарының» көмегімен 42 танкіні және 2 бронды машинаны жойыпты.  

Соғыс біткеннен кейін, Омбы ауыл шаруашылық институтына оқуға түседі. Өзінің 44 жыл ғұмырын билогия ғылым саласына арнаған ғалым қымыз бен шұбаттың бастапқы кездегі құрамын өзгертпей ұзақ мерзімге сақтаудың жаңа әдісін ойлап табады. Сол үшін Жезқазған қаласындағы Жеңіс совхозында 3 жыл бойы қымызды зерттеумен айналысады. Ғалымның айтуынша, мәңгілік жас болудың құпиясы қымызда екен.

«Қымыздың ашығанын қайдан білеміз? Қалай сапыру керек? Өзім қыжылдығын анықтадым. 2 жылдан кейін белгілі болды. Қыстың күні қымыз сақталады екен. 10 айда қымыз бүлінбейді. Дәмі, иісі, құрамы бәрі сол күйі қалады», – деді соғыс ардагері Зұлқарнай СЕЙІТОВ.

Осы еңбегі үшін 2003 жылы платиндік «Тарлан» сыйлығын иеленген. Биология ғылымдарының докторы, биохимия саласына сүбелі үлес қосқан ардагердің еңбектері бүгінде ағылшын тіліне аударылып, әлемге таралып жатыр.

Ұлағат Арғын, Валерий Таубалдиев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир