|
07.05.2020 | 18:32
5550

Mереке қарсаңында Ардагерлер заңына өзгертулер енгізілді

Қазір қоғамда бұл заң өте қызу талқыланып жатыр

Mереке қарсаңында Ардагерлер заңына өзгертулер енгізілді Almaty.tv

Mереке қарсаңында Ардагерлер заңына айтарлықтай өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтсақ, әлеуметтік жәрдемақының көлемі ұлғайған, одан бөлек көрсетілетін қызмет түрлерінің қатары көбейген. Қазір қоғамда бұл заң өте қызу талқыланып жатыр. Ендеше кейбір пікірлерді тыңдап көрейік.

«Бұл заң біздің майдангерлер, тыл еңбеккерлері көптен күткен құжат еді. 15 жыл болды сарғайып жатқанына. Игіліктің ерте кеші жоқ дейді», – деді Бостандық ауданы соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы  Хамит БІРЖАНОВ.

«Ардагерлердің арасына мына бітімгерлерді қосып жатыр, еңбек ардагерлерін  Чернобыльге қатысқандарды қосып жатыр. Ол өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі ол кісілер өз еркімен соғыс болып жатқан жерге  барған жоқ», – деді қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.

«Сыртқы шекараны қорғаудағы біздің әскери қызметкерлерімізге де арналған заңдар қабылданған. Шын мәнісінде бұл өте орынды, дер кезінде қабылданып отырған заң», – деді Қазақстанның Еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир