|
25.04.2020 | 00:33
14082

Ұлы Жеңіске 75 жыл: Соғыс жайлы туындыны тұңғыш рет қазақ режиссерлері сахналаған

1926 жылы негізі қаланған бұл театр соғыс жылдары атқарған рөлі ерекше

Ұлы Жеңіске 75 жыл: Соғыс жайлы туындыны тұңғыш рет қазақ режиссерлері сахналаған Almaty.tv

Соғыс жайлы туындыны тұңғыш рет қазақ режиссерлері сахналағанын білесіз бе? Ұлы Отан соғыс жылдары Алматы  киноиндустриясының астанасы болғанын кеше көрсеткен едік. Ал, дәл сол кезде театр өнерінің маңызды рөл атқарғанын біреу білсе, біреу білмес. Сахнадағы әрбір қойылым – сарбаздарға рух берді, халықтың жігерін жандырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1926 жылы негізі қаланған бұл театр соғыс жылдары атқарған рөлі ерекше. 1941-1945 жылдары туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан мол орын алды. Театр труппасына Алматы, Мәскеу, Ленинград және Ташкенттің арнаулы оқу орындарын бітірген актерлер келіп қосылды.

Сұрапыл соғыс басталғаннан кейін Ресей, Беларусь және Украина елдерінің театрлары Алматыға қоныс аударады. Сөйтіп, биліктің шешімімен екі елдің өнер ордасы біріге жұмыс істеді. Бірақ, бір шаңырақтың астында топтасқанымен ұжым екі түрлі болды. Қазақ театрының режиссерлері де сол кездегі жағдайға байланысты спектакль қоя бастады.  

«Қазақ театрының осы соғыс тақырыбына қойған алғаш спектаклі ол неміс драматтургі Вольфтың профессор Монмог атты пьесасы болды. Антифашистік пьесасы болды. Үлкен дайындықпен келді. Аты айтып тұрғандай бұл дәрігер туралы», – деді  Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА доценті, өнертанушы Анар ЕРКЕБАЙ.

Өнертанушы, тек классикалық туынды қойып жүрген қазақ актерлеріне аталған спектакльді ойнау біраз қиындық туғызған деген пікір білдірді. Рөлге ену үшін олар қаладағы ауруханаларға бас сұғып, дәрігерлердің жұмысын бақылаған. Осылайша соғыс тақырыбындағы спектакль сәтті шығып, көрерменнің жоғары бағасына ие болған дейді.  

Кеңестік және қазақстандық театр режиссері Юрий Померанцев елде соғыс басталғанда майданға аттанады. Алайда жарақатына байланысты Алматыға кері қайтқан. Отан үшін жанын беріп жатқан жауынгерлерге сол кездегі жас маман театр арқылы қолдау көрсетеді.  

«В 1943-м году Алматы, именно в отношении театральном, был просто сказочным городом. Здесь в эвакуации были артисты драматических театров, артисты оперных театров, балетные артисты», – деді Кеңестік және қазақстандық театр және кино режиссері, актёр Юрий ПОМЕРАНЦЕВ

Шетелден келген жас мамандар өнердің түрлі саласына серпін берді десек те болады. Мәселен композитор Проковьев, театр режиссері Зовадский, әлемге әйгілі биші Галина Уланова сынды өз ісінің шеберлері мәдениетке жаңа леп берді деп санайды көзкөргендер. Ал, бүгінгікүні Алматыда 16 театр жұмыс істеп тұр.  

Өмір Әнуарбек Мейрам Исабеков "Алматы" телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир