|
06.05.2020 | 23:16
6141

Nur Otan партиясының еріктілері ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себетін табыстады

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Алматыда соғыстың барлық қасіретін бастан кешіргендерге құрмет көрсетіліп жатыр

 Nur Otan партиясының еріктілері  ҰОС ардагерлеріне  азық-түлік себетін табыстады Almaty.tv

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Алматыда соғыстың барлық қасіретін бастан кешіргендерге құрмет көрсетіліп жатыр. Оларға жаны жомарт жандар азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, жастар қауымы аз да болса қолғабыс етуді шешкен. Мейірімділік акциясында Nur Otan партиясының еріктілері мен «Мен Алматылықпын» қоғамдық қоры қатысты. Олар алдағы үш күнде 150 себетті табыстауды көздеп отыр.  

«Бүгінде Алмалы ауданында 3 мыңнан астам ардагер бар. Олардың қатарында Тылда талмай еңбек еткендері, фашизм тұтқындары бар. Әрқайсысына көңіл бөлініп, көмек көрсетіліп жатыр», – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр БЕКЖАНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир