|
23.07.2020 | 11:57
2843

Алматының барлық клиникаларында оттегінің орталықтан берілуін қамтамасыз ету керек – Б. Сағынтаев

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді

Алматының барлық клиникаларында оттегінің орталықтан берілуін қамтамасыз ету керек – Б. Сағынтаев ru.sputniknews.kz

Алматының барлық клиникаларында оттегінің орталықтан берілуін қамтамасыз ету керек.  Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасына қатысқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сапалы емге әсер ететін факторлардың бірі – ол науқастарды медициналық оттегімен қамтамасыз ету. Осыған байланысты, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін медициналық ұйымдарға оттегі станцияларын орнату бойынша қалалық бағдарлама қабылданды. Осының арқасында бірінші эшелондағы жатын орындардың 100%-ы оттегімен қамтылады.

«Егер клиникаларда қажетті көлемде станция жұмысын қамтамасыз ете алатын өз оттегі станциясы болса, онда ол жүйені реттеу керек. Ол үшін қаржы да бөлінді. 10 қыркүйекке дейін ауыр жағдайдағы науқастармен жұмыс істейтін бірінші эшелондағы 8 клиника орталықтандырылған оттегі беру жүйесінің стационарларымен қамтамасыз етіледі. Екінші кезеңде біз екінші эшелондағы клиникаларды оттегімен қамтамасыз етуге көшеміз, сол арқылы бұл мәселені шешеміз», – деп атап өтті әкім.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир