|
23.07.2020 | 13:45
3548

Жерлеу мен дәрі сатудан пайда көрмек болғандар жазасын алды – Б. Сағынтаев

Зират қызметкерлері оларды бекітілген сомадан бөлек 70-80 мың теңге төлеуге мәжбүрлеген

Жерлеу мен дәрі сатудан пайда көрмек болғандар жазасын алды – Б. Сағынтаев eg.ru

«Алматы» арнасында өткен Akimat Live бағдарламасында Бақытжан Сағынтаев пандемияны пайдаланып, көбірек пайда таппақ болғандар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімінің сөзіне сенсек, полицияға зират қызметкерлерінің заңбұзушылығын айтып, 8 адам жүгінген. Зират қызметкерлері оларды бекітілген сомадан бөлек 70-80 мың теңге төлеуге мәжбүрлеген. Қазір осы іс бойынша 2 адам ұсталды. 

«Қалада медициналық заттар мен дәрі-дәрмек бағасын шарықтатқан алыпсатарлар ұсталды. Олар ең қажет бұйымдарды көтерме бағамен көп мөлшерде сатып алған. Сосын интернет арқылы хабарландыру берген. Қалалық полициямен біріге отырып, клиент ретінде хабарласып, кездесуден соң оларды әшкерелеумен айналыстық. Осылайша 8,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек тәркіледік»,  – деді әкім. 

Заңсыз дәрі саудасының жолын кесу үшін полиция, экономикалық тергеу департаменті, тауарлар мен қыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің мамандарынан мобильді топ құрылды. Бұл топ 100-ге жуық жуық құқықбұзушылықты анықтады. Оның 24-і бойынша қылмыстық іс қозғалды. 986 қаптама «Левоцин», «Ингавирин», «Фраксипарин», «Азитромицин», 8,5 млн медициналық маска тәркіленді. 39 адам әкімшілік жауапершілікке тартылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир