Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтасақ, блок-бекеттер қойылмайды – қала әкімі

Егер қаланы жаппаймыз десек, айтқан талаптарды орындау керек

Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтасақ, блок-бекеттер қойылмайды – қала әкімі kolesa.kz

Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қауіпсіздік шараларын тұрғындар қатаң сақтаса, блок-бекет қойылмайды деп атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматының жабылатын-жабылмайтыны өзімізге байланысты. Егер де сақтық шараларын орындамасақ, маска тақпасақ, арақашықтық сақтамасақ, той тойлап жүре берсек, әрине, сондай жағдайға келуіміз мүмкін. Көктемде қаншама адам қалаға кіре алмай, жұмыс орнына жете алмағанын көрдік. Біз өзімізді Алматы төңірегіндегі облыс аудандарынан бөлектей алмаймыз. Өйткені олардың көбі қалаға келіп жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласында қызмет істеп жатқандар да көп. Сондықтан бәрін екіге бөле алмаймыз. Егер қаланы жаппаймыз десек, айтқан талаптарды орындау керек. Болмайтын жағдайда жабуға тура келеді», – деді Б.Сағынтаев.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир