|
22.09.2021 | 20:28
2544

Б. Сағынтаев жылу беру туралы: Қалалықтардың денсаулығы қымбат

Алматыда жылу желілерінің толық дайындығы 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі

Б. Сағынтаев жылу беру туралы: Қалалықтардың денсаулығы қымбат komkur.info

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, жылуды мерзімінен бұрын қосуға  болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ауа температурасы бес күн қатарынан + 8°C және одан төмен болса, онда жылыту маусымының басталатыны белгілі. Алайда алдыңғы жылыту маусымындағыдай ауа райы салқын болса, жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін.

Б. Сағынтаев қала тұрғындарының денсаулығы қымбат болғандықтан, күн суық болған жағдайда жылу берілетінін атап өтті.

Бүгінде жылу желілерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың толық дайындығы 25 қыркүйекке дейін жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир