|
16.12.2020 | 12:13
4436

Бізге бостандық сыйлаған күн бірлігімізді арттыра түссін – Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен шаһардың солтүстік бөлігінде «Желтоқсан» саябағы ашылды

Бізге бостандық сыйлаған күн бірлігімізді арттыра түссін – Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Тәуелсіздік күнімен құттықтады пресс-служба акима Алматы

1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар мен зиялы қауым өкілдері алматылықтарды ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет қала тұрғындарын құттықтап, бәріне амандық тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығымен құттықтаймыз! Келесі жылы 30 жылдығын атап өтеміз. Осы мерекеде еліміз өркендей берсін дегім келеді. Дана халқымызда «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз бар. Сондықтан жаңаны тануға ұмтылатын ақылды жастарымыз көбейе берсе деймін. Ел болашағы жастардың қолында!» – деді Үсіпхан Сейтімбет.

Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманғазы Кәріпжан да өз құттықтауында жастар жағына мән берді.

«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл мереке бәрімізге зор қуаныш әкелсін. Бізге азаттық пен бірлікті сыйлаған бұл күн бәрімізді біріктіре түсіп, еліміздің одан әрі гүлденуіне қызмет етсін. Жастарға олардың ең жақсы деңгейде білім алуын, еліміздің болашақ стратегиялық жоспарларына үлес қосуын, мықты, ақылды, жан-жақты болуын, өткенді біліп, құрметтеуін, ана тілін және әлемнің басқа да тілдерін білуін, өз елінің ұлы азаматтары болуын және әрқашан мейірімді әрі адал болуын тілеймін!» – деген ақын алматылықтарды құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен шаһардың солтүстік бөлігінде «Желтоқсан» саябағы ашылды. Бұл шешімді Желтоқсан оқиғасының қатысушылары оң қабылдады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир