Мереке күндері "Алматы" телеарнасынан көретіндеріңіз

28.04.2018 в 13:34
«Алматы» телеарнасы демалыс күндері  болатын фильмдер мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Қайсар мінезді қаламгер. Ұстаз – ұлағатты ұғым. Ер есімі-ел есінде. "Сәуле-Ғұмыр" бағдарламасы сенбі, 28 сәуір сағат 21:30-да «Алматы» арнасында!

Алматыдағы авто аламан. Кәсіп түбі - нәсіп. Жас кәсіпкердің пайымы. Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлау. Бұл «Жастар қаласы» бағдарламасы! Жексенбі, 29 сәуір сағат 12:30-да. 


Театр – тәрбиенің түп мекені. Арбат жаңарды, қайта гүлденді. Театр – мәдениеттің ошағы. Біздің арнамен Алматыны асықпай аралайық! "Асықпайық" бағдарламасы жексенбі, 29 сәуір сағат 13:00-де.

Бүгінгі ұрпақ білуі тиіс тарих. Ақтабан шұбырынды жылдарының ауыр қасіретін шынайы суреттеген туынды. «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі. Сейсенбі,  1 мамыр  сағат 14:00-де «Алматы» арнасында!

Кеудені намыс кернесе, сенім мен кешірім керек. Алайда, өтірік өрге баспайды. «Өмір иірімі» сағың сынбасын! Дүйсенбі-бейсенбі сағат 16:10-да.