|
13.03.2017 | 10:19
992

Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық реформаны қолдауға арналған отырыс өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық реформаны қолдауға арналған отырыс өткізді

Ел «Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы реформаны қолдауға арналған отырыс өткізді. Кездесуге Кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиылған қауым ел тарихындағы маңызды шешім туралы ойларымен бөлісті.

«Ең алдымен бұл еліміздің нақты тәуелсіздігін бекітумен бағытталынады, біріншіден. Екіншіден, адамның құқықтарын ары қарай конституциялық деңгейде заңдастыруға байланысты бағытталған. Негізгі үшінші ой жалпы мемлекетіміздің дамуының демократиялық жолдары айқындалып белгіленді. Неге десеңіз, билік арасындағы қатынастар ол жалғыз біздің мемлекетте ғана емес дүниежүзінде арнайы тежеу механизмдері әр уақытта жұмыс жасаған болатын. Тежеу қатынастары да Конституцияға енгізілді», - деді  ҚХА төрағасының орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир