|
16.05.2017 | 10:47
4265

Өркеннің әжесі қылмыскерлерге ең ауыр жаза тағайындалсын деп отыр

Өркеннің әжесі  қылмыскерлерге ең ауыр жаза тағайындалсын деп отыр

Алматыда айуандықпен өлтірілген 11 жасар Өркен Азаматұлының әжесі қылмыскерлерге ең ауыр жаза тағайындалсын деп отыр. Қарасай аудандық сотында көптің жанын түршіктірген аты шулы іс бойынша жәбірленуші тарап тыңдалды. Алдымен оқиғаның қалай болғанын куәгерлер мен Өркеннің әкесі мен әжесі толығырақ баяндап берді. Сот залынан оралған тілшіміз Жадыра Омаржан тарқатсын.

Сот отырысы белгіленген уақыттан 30 минутқа кешігіп басталды. Ашық деп жарияланбастан жатып Шәрипа Ақбердиеваның адвокаты Орман Хайдарбеков судьядан соттың жабық өтуін сұрады. Қос тараптың пікірін тыңдаған судья отырыстың тек басталуын ғана түсіруге рұқсат берді. Бұл жолы куәгерлер мен Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есенбекова және әкесі Азамат Кемпірбаевтан жауап алынды. Ал куә ретінде көршілері шақырылған. Оқиғаның жай-жапсарын айтқан әжесі келіні туралы көп жайтты жайып салды. Айтуынша, Шәрипа Ақбердиева 10 жылдан астам уақыт бірге танитын енесінен басқа күйеулерінен туған балаларын жасырып келген. 

«Баласы барын, қызы барын мен 15 жылдан кейін білдім. Ол басында үйінде жүрген. Ол менің әпкемнің қызы деді. Ол жетім деді. Әпкем де, жездем де өліп қалған деді»,- деді Өркеннің апасы, Бағдагүл ЕСЕНБЕКОВА.

«Сонан кейінгісі Дінмұхаммед. Дінмұхаммед ол басқа кісіден. Бұл кісінің баласына Азамат Кемпірбаев өзінің тегін берген. Азаматұлы Дінмұхаммед. Ортақ Нұрай. Нұрай деген бір қызы бар. 4 жасқа қазір келіп қалған. Өркен Кемпірбаевтың бірінші әйелінен қалған баласы»,- деді Б.Есенбекованың қорғаушысы, Айман ОМАРОВА.

Өркеннің әжесі келінінің жасаған істері күмәнді болған деп отыр. Ал немересі жоғалғанда бастапқыда еш жамандық ойламағанын айтады. Тек кейін ғана басты күдікті ретінде Шәрипаны көргенін жасырмайды. Өгей баласын өлтіруге өз балаларын жұмсаған Шәрипа Ақбердиева есімін өзгертіп жүрген екен. Оның шын атын ағайындары тек сот барысында бірақ білді. 

«Неге ол шын атын жасырды бізден? Шәрипа. Біз всю жизнь Аидой называли ее. Она приставилась бізге Аида деп. Почему она скрывала? Свое имя от нас? Почему детей она скрывала? Өзінің туған балаларын. Мы вот узнаем уже последний моменттерде. Каждым годом біліп жатырмыз»,- деді Б. Есенбекованың бауыры, Емелхан ЕСЕНБЕКОВ. 

Өркеннің өліміне қатысты бар деп айыпталып отырғандарға Қылмыстық Кодекстің 3 бабы бойынша айып тағылып отыр. Тек кәмілеттік жасқа толмаған айыпталушының ісі 2 бап бойынша қаралмақ. Жолдасынан кек алуды ойлаған келіншекке Өркен Азаматұлының әжесі ауыр жаза берілсін деп отыр. Ал адковат әзірге мынаны айтты. 

«Шәрипаға тағылған баптар бойынша 20 жыл бостандығынан айыру немесе өмір бақиға кетуі мүмкін»,- деді Б. Есенбекованың қорғаушысы, Айман ОМАРОВА.

Қарасай аудандық сотында ендігі сотталушылардың тыңдалымы ертең сағат 14:30-ға жоспарланып отыр.

Жадыра Омаржан, Рәшид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир