|
09.05.2020 | 10:20
2441

Ұлы Жеңіске – 75 жыл

Бүгінгі көзі тірі ардагерлер сол зұлмат заманның қайтып келмеуін тілейді

Ұлы Жеңіске – 75 жыл enbek.gov.kz

Бүгін – әлем тарихындағы ерекше күн. Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяталған күні.

Адамзат тарихындағы алапат кезеңде көп адам жақынын жоғалтты, барынан айырылды. Ал Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан ерлер Жеңіс туын көтерді.

Бүгінгі күн  - оңай келген жоқ. Бізге мәлім тарихты ақтарар болсаңыз, 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысқан екен. Бұл 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы.

Ұрыстың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полк пен батальон шайқасқа түсті.

Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанған. Оның ішінде, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адамға Даңқ орденінің толық жинағы берілген екен. Ал бүгінде тірі қалған ардагерлер сол зұлмат заманның қайтып келмеуін тілейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир