|
02.03.2020 | 23:12
2328

«Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» атты республикалық патриоттық акция басталды

"Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тіккен" Жеңіс Туының көшірмесін тапсыру салтанатынан басталды

«Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» атты республикалық патриоттық акция басталды stan.kz

Ұлы Отан соғысы кезіндегі  әскери тулардың көшірмесі Қазақстанның барлық аймақтарын аралайды. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» атты республикалық патриоттық акция басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының басшылығына "Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тіккен" Жеңіс Туының көшірмесін тапсыру салтанатынан басталды. 

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан аумағында құрылған дивизиялар мен бригадалардың 23 жауынгерлік тулары Қарулы Күштер өкілдеріне берілді. Екі ай бойы жауынгерлік тулар еліміздің әр аймағын аралап шығады. Ол жерлерде ардагерлердің, әскери қызметшілердің, «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің, жастар және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир