|
Megapolıs tynysy
18.09.2020 | 09:21

Б. Сағынтаев: Реновация бағдарламасы мыңдаған қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған

Қалада 1444 ескі үйлер бар

Б. Сағынтаев: Реновация бағдарламасы мыңдаған қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Instagram Б. Сагинтаева

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев реновацияның жобалары туралы айтты, оның барысында ескі үйлердің орнына заманауи үйлер салынатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Реновация бағдарламасы бойынша қаладағы ескі үйлерді сүру жолымен «ескі» аумақтар кешенді жаңарып, тұрғындар жаңа үйлерге көшеді.

Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында хабарлағандай, реновация бағдарламасы мыңдаған қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталған.

«Қалада 1444 ескі үйлер бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда «Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда», — деп жазды Алматы әкімі.

«Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» Түрксіб ауданында реновция жобасын Сауранбаев — Молдағалиев — Чернышевский — Толстой көшелері аумағында іске асыратын болады. Жеке инвестор ауқымды жоба бойынша жаңа үйлерді осыдан 60 жыл бұрын салынған екіқабатты ескі үйлер тұрған Сейфуллин даңғылы — Ақан сері — Кассин — Котельников көшелерінің аумағында салатын болады.

Бұлардан өзге, Алматы әкімінің мәліметі бойынша, Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлармен бірге 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.

Bólisý

‡агрузка...

Прямой эфир
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!