|
28.10.2020 | 09:36
5829

Бос жатқан жерлердің орнында скверлер мен балалар алаңдары: Жаңа Алматы қалай абаттандырылуда

Алматыда бос жатқан жерлерде жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болуда

Бос жатқан жерлердің орнында скверлер мен балалар алаңдары: Жаңа Алматы қалай абаттандырылуда

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылу барысымен және инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаев иесіз бос жатқан  жерлердің орнында пайда болған бірқатар қоғамдық кеңістіктерде болды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Ақбұлақ, Шапағат, Қарасу ықшамаудандарында скверлер салынды және жөнделді, сонымен қатар Мөңке би көшесіндегі воркаут алаң іске қосылды.

«Спорттық және балалар аймағы бүлдіршінге толы болса, аллеяда ақсақалдар серуендеп жүр. Тұрғын үйлердің маңайы қаңырап бос тұрды дегенге сену қиын. Мұндағы тұрғындармен әңгімелесіп, жаңа қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстауға шақырдым», – деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, қала әкімі 78 гектар жерге әлеуметтік белсенділер мен эко-белсенділердің күшімен жыл басында салынған қарағайлы орманды абаттандыру барысымен танысты. «ЖҚЖК» шеңберінде мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, суару жүйесі қарастырылған. Жалпы, Алатау ауданында жасыл желектердің аумағы екі есеге жуық көбейеді, жасыл желектер саны 355 мыңға жетеді, оның 176 мыңы биыл #JasylAlmaty бағдарламасы аясында отырғызылады.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев жол салу және жөндеу учаскелерін қарап шықты, сонымен қатар Ұлжан және Өжет ықшамаудандарында инженерлік желілер мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салу жұмыстарының барысымен танысты.

«Бақытты отбасы» аудандық көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау орталығында Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевқа жыл ішінде жүргізілген өзгерістердің нәтижелері таныстырылды. Оның нәтижесі көп балалы аналардың белсенді өмірге араласуы болды. Жыл басынан бері 25 мың әйел «Isker ana» бағдарламасы бойынша негізгі тренингтер мен курстардан өтті. 537 әйел «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқыды, оның 300-і грант алып, әр түрлі бағытта өз кәсібін ашты.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алатау ауданының тұрғындары демалатын орындардың жоқтығын айтып, жиі шағымданатын. Алатаулықтардың тілектері ескеріліп, биыл ауданда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде қараусыз қалған жерлердің орнында заманауи жаяу жүргіншілер аймағы, скверлер, балалар мен спорт алаңдары пайда болды. Жұмыс сапары кезінде Ақбұлақ, Шапағат, Қарасу ықшамаудандарындағы жаңа скверлер мен Мөңке би көшесіндегі воркаут-алаңды аралап көрдім. Спорттық және балалар аймағы бүлдіршінге толы болса, аллеяда ақсақалдар серуендеп жүр.Тұрғын үйлердің маңайы қаңырап бос тұрды дегенге сену қиын. Мұндағы тұрғындармен әңгімелесіп, жаңа қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстауға шақырдым. Жыл басында қоғам және экобелсенділердің көмегімен 78 га аумаққа егілген қарағай орманы қаланың ең көрікті жеріне айналары сөзсіз. «ЖҚЖК» аясында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, суару жүйесі де қарастырылған. Жалпы Алатау ауданын көгалдандыру көлемі 2 есеге ұлғайып, жасыл желек 355 мыңға жетпек. Соның 176 мыңы биыл #JasylAlmaty бағдарламасы аясында егіледі. —— Жители Алатауского района часто жаловались на отсутствие благоустроенных мест. Учитывая их пожелания, в текущем году развернули масштабную работу, в результате которой на месте заброшенных пустырей появились современные пешеходные зоны, скверы, детские и спортивные площадки. Во время рабочего объезда осмотрел новые скверы в микрорайонах Акбулак, Шапагат, Карасу, а также воркаут-площадки по ул. Монке би. Спортивные и детские зоны уже полны ребятней, а по аллеям неспешно прогуливаются аксакалы. Сложно поверить, что здесь посреди жилых массивов были безжизненные территории. В разговоре с местными жителями высказал пожелание беречь новые общественные пространства, чтобы они дольше служили. Достопримечательностью всего города станет сосновый бор, заложенный в начале года силами общественников и экоактивистов на площади 78 га. В рамках «ДКЗ» ведется благоустройство, предусмотрена система полива. В целом площадь озеленения Алатауского района будет увеличена практически в 2 раза, количество зеленых насаждений достигнет 355 тысяч, из которых 176 тысяч будут высажены в текущем году в рамках программы Jasyl Almaty.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)27 Окт 2020 в 8:00 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир