|
09.12.2022 | 11:49
570

Алматыда өнеркәсіптік парктер дамып келеді – Досаев

Алматы индустриялық аймағының II кезеңін дамыту үшін аумақты 189 гектарға кеңейту жоспарланған

Алматыда өнеркәсіптік парктер дамып келеді – Досаев еgemen.kz

Алматыда өнеркәсіптік парктер дамып келеді. Бұл туралы Мәслихат сессиясында Алматының қаласының 2023-2025 жылдарға арналған  бюджет жобасын қарау барысында Ерболат Досаевты мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының Алматы экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, негізгі екпін өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға бағытталатын болады.

Алматы индустриялық аймағының II кезеңін дамыту үшін аумақты 189 гектарға кеңейту жоспарланған. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы мақұлдады. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Көктемгі нақтылау кезінде жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 2023-2024 жылдарға 40 млрд. теңге сомасына бюджеттік өтінім беру жоспарланған.

Қалада шағын және орта индустриялық кәсіпкерлерге арналған өнеркәсіптік парктер белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда 8 өнеркәсіптік парк салынды (инвестиция сомасы 2,2 млрд теңге), тағы 11 өнеркәсіптік парк салынып жатыр, оның ішінде 2023 жылы 3,5 млрд теңге сомасына

7 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланған.

Креативті индустрияларды дамыту үшін 10 млрд теңге сомасына креативті индустриялардың венчурлік қорын құру көзделген, оның ішінде 5 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен.

Қала экономикасының драйвері ретінде туризмді дамыту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, жеке инвесторларды тарта отырып, Тургеннен Қаскелеңге дейін Алматы тау кластерін дамыту шаралары қабылданатын болады.

Жалпы, 2023 жылға республикалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде басым бағыттардағы (өңдеуші өнеркәсіп, креативті экономика, IT) 2,6 мыңға жуық жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған (жергілікті бюджет – 10,6 млрд, республикалық бюджет – 29,4 млрд). Бұл шаралар экономиканың орташа жылдық өсімін 5,0% деңгейінде қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир