|
29.06.2022 | 12:37
900

Алматыда туризмді дамытуға жағдай жасау керек – Мақсат Сералы

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру

Алматыда туризмді дамытуға жағдай жасау керек – Мақсат Сералы

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы экономист Мақсат Сералы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы қаласы нарықтық экономика болғандықтан саяси жағдайлар және әлемде болып жатқан мокроэкономикалық көрсеткіштердің бәрі әсер етеді.  Алматы республикамыздың ірі қаласының бірі және бюджет салымшыларының көбі Алматы да шоғырланған. Бұл жерде кез келген көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Дегенмен Алматының жоспар бойынша дамуы орынды. Қала тұрғындарының бұл бағдарламаның жан-жақты талқылануына  белсене атсалысқаны жөн», – деді ол.

Экономист елімізде жетіспей жатқан бірқатар проблеманы жіпке тізді. Соның бірі азық-түлік мәселесі.

«Бірінші – бізде азық-түлік қауіпсіздігі сақталмаған. Ол үшін әр қалада ірі қоймалар болуы керек. Себебі шаруалар азық-түлікті сол қоймада сақтайтындай. Қазіргі таңда шаруа қожалықтарының қыс мезгіліне тауар сақтайтын қоймасы жоқ. Сондықтан олар қолдағы бар бүкіл тауарды сатып жіберуге мәжбүр.

Екінші – қалада жүріп-тұру мәселесі бар. Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан дүние. Алматыға кіреберіске автотұрақтар салу қажет. Сырттан келген адамға жүріп-тұру ыңғайлы болу үшін. 

Үшінші – қалада ішкі туризмді дамытуға жағдай жасау керек. Сонымен қатар «Алматы жастары» бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаға қатысатындар саны шектеулі. Осы жағын қолға алып, бірқатар шектеулерді алып тастап, ортаны кеңейтуі керек деп ойлаймын», – деді ол.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир