|
30.06.2022 | 13:40
8459

Алматының даму жоспары – мегаполис тыныс-тіршілігінің айнасы

Бұл жобада шаһардағы негізгі түйткілдер мен ауқымды мәселелердің шешімі көрсетілген

Алматының даму жоспары – мегаполис тыныс-тіршілігінің айнасы Almaty.tv

Алматының даму жоспары – мегаполис тыныс-тіршілігінің айнасы. Бұл жобада шаһардағы негізгі түйткілдер мен ауқымды мәселелердің шешімі көрсетілген. Осылай деген қалалық мәслихат депутаты Әсия Ақанова бүгінде медициналық мекемелердің қолжетімділігі, қызмет алу сапасы өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш түйткілдерді шешу үшін 15-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу, жас мамандарды халықаралық деңгейде оқыту, көпбейінді стационарлардың санын арттыру көзделіпті. Мегаполистің дамуын қамтамасыз ететін құжатқа жергілікті халық та қатысып, түзетулер мен ұсыныстар енгізе алады.

«Мен қала халқын белсенділік танытуға шақырамын. Өйткені тұрғындардың бұған дейін өздері көтеріп жүрген мәселелері шешімін табады. Қазір бәріміздің бірлесіп қаламызды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндігіміз бар», – деді қалалық мәслихат депутаты Әсия Ақанова.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир