|
30.06.2022 | 13:49
980

Жетпісбай Бекболатұлы: «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасы жан-жақты қамтыған

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады

Жетпісбай Бекболатұлы: «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасы жан-жақты қамтыған Фото: Максим Золотухин

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің професоры Жетпісбай Бекболатұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы қаласын дамытудың 2025-2030 жылға арналған даму жоспарында бүгінгі күннің проблемалары ой елегінен өткізіліп, келешекте қолға алынатын  іргелі істер баяндалған. Онда Оңтүстік астананың мәдениетін, экологиясын және инфрақұрылымын өркендету мәселелері шешімін тапқан. Бұл бағдарламада көп нәрсе қамтылған. Көліктен бастап білімге дейін. Тіпті жылу электр станцияларын газға ауыстыру жоспарланған. Алматының әрбір тұрғыны қаланың экологиясына алаңдаулы. Сол себепті осы аталған мәселені шешу үшін бәріміз атсалысуымыз керек», – деді Жетпісбай Бекболатұлы.


Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир