|
15.09.2020 | 14:17
3409

Алматыда жаңа медициналық мекемелердің ашылуы қала билігінің ерекше бақылауында

Жыл соңына дейін шалғай ықшам аудандарда 11 амбулатория ашу жоспарлануда

Алматыда жаңа медициналық мекемелердің ашылуы қала билігінің ерекше бақылауында sagintayev.b

Алматыда жаңа медициналық мекемелердің ашылуы қала билігінің ерекше бақылауында. Жыл соңына дейін шалғай ықшам аудандарда 11 амбулатория ашу жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Есеп беру кездесулерінде тұрғындар шалғай ықшамаудандарда медмекемелердің жоғын айтқан еді. Осыған орай 2019 жылдың қыркүйегінде емханалары жоқ ықшамаудандарда амбулаториялардың жұмысын ұйымдастыру бойынша үш жылдық бағдарламаны әзірлеп, іске қостық. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, медициналық қызмет көрсету үшін 35 амбулаторияның қажеттігі анықталды», – деп жазады қала әкімі.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Түрксіб ауданындағы 5,4 мың адам тіркелген «13-ші әскери қалашық» учаскесінде дәрігерлік амбулатория жұмысын бастағанын хабарлады.

«Өткен жылы Алтай-1, Кеңсай-1, Көлсай, Тау Самалы, Қарағайлы, Томирис, Ақбұлақ және т. б. ықшамудандарында осындай 11 медмекеме ашылды. Жақында Түрксіб ауданындағы «13-ші әскери қалашық» учаскесінде дәрігерлік амбулатория жұмысын бастады. 5,4 мың адам тіркелген медмекеме ауысымына 50 адамды қабылдай алады. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 11 амбулаторияны ашу жоспарда бар. Қалған 12 амбулатория келер жылы ашылады», – деп жазады  Сағынтаев.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

15.09.2020 Есеп беру кездесулерінде тұрғындар шалғай ықшамаудандарда медмекемелердің жоқтығын айтқан еді. Осыған орай 2019 жылдың қыркүйегінде емханалары жоқ ықшамаудандарда амбулаториялардың жұмысын ұйымдастыру бойынша үш жылдық бағдарламаны әзірлеп, іске қостық. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, медициналық қызмет көрсету үшін 35 амбулаторияның қажеттігі анықталды. ⠀ Өткен жылы Алтай-1, Кеңсай-1, Көлсай, Тау Самалы, Қарағайлы, Томирис, Ақбұлақ және т. б. ықшамудандарында осындай 11 медмекеме ашылды. Жақында Түрксіб ауданындағы «13-ші әскери қалашық» учаскесінде дәрігерлік амбулатория жұмысын бастады. 5,4 мың адам тіркелген медмекеме ауысымына 50 адамды қабылдай алады. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 11 амбулаторияны ашу жоспарда бар. Қалған 12 амбулатория келер жылы ашылады. —— Во время отчетных встреч жители часто поднимали проблему отсутствия в отдаленных микрорайонах медицинских учреждений. В этой связи в сентябре 2019 года разработали и запустили трехлетнюю программу по организации работы амбулаторий в микрорайонах, где нет поликлиник. В результате обследования пришли к выводу о необходимости 35 амбулаторий для оказания медицинских услуг в шаговой доступности. ⠀ В прошлом году открыли 11 таких медучреждений в микрорайонах Алтай-1, Кенсай-1, Колсай, Тау Самалы, Карагайлы, Томирис, Акбулак и др. На днях открылась врачебная амбулатория в Турксибском районе, на участке «13-й военный городок». К ней прикреплено 5,4 тыс. человек, в смену предусмотрено 50 посещений. До конца текущего года планируем открыть еще 11 амбулаторий, оставшиеся 12 — в следующем году.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)15 Сен 2020 в 12:57 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир