|
29.06.2022 | 15:50
663

Алматыда бизнесті дамытуға бүкіл мүмкіндік бар – Ақберен Елгезек

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады

Алматыда бизнесті дамытуға бүкіл мүмкіндік бар – Ақберен Елгезек Almaty.tv

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Осыған байланысты ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек пікір білдіріп, қала тұрғындарын Алматының дамуына атсалысуға шақырды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

«Қазір әлемде кез келген адам немесе компанияның өзінің философиясы болуы керек. Философия – тек пайда табу немесе тауар сату ғана емес, ең бірінші – адамдардың өмір тіршілігін жақсартуға арналуы керек.  Сол кезде адамның ісі жүзеге асып, бизнесі де жүреді. Сол секілді Алматы қаласының да өзіндік философиясы болуы керек. Біріншіден, Алматы мәдени, зайырлы орталық болуы қажет. Сонымен қатар қаржы орталығы, ШОБ дамып, өсіп-өркендейтін орта болуы керек. Себебі қазіргі таңда шетелдіктер де біздің қалаға өте көп келеді. Алматының табиғаты мен ауа райы керемет, Қазақстан бойынша кәсіпкерлер көп шоғырланған қала. Бизнесті дамытуға бүкіл мүмкіндік бар. «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын да осының бәрі көрініс тапқан екен. Сондықтан бұл қаланың дамуына тек ғана әкімдіктің өзі емес, қала тұрғындарының бәрі толық атсалысуы керек», – дейді ақын.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир