|
30.06.2022 | 18:25
846

Алматы қаласын дамытуға бірге атсалысайық – Ермахан Ибраимов

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады

Алматы қаласын дамытуға бірге атсалысайық – Ермахан Ибраимов Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Құрметті алматылықтар сіздерді жаңа жобаны талқылауға қатысуға шақырамын! «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жоба талқылауға ұсынылды. Бұл жөнінде қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға арнап үндеу жасады», – деді Ермахан Ибраимов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир