|
24.06.2022 | 22:44
4412

Қазақстан полициясының 30 жыл – Алматыда мерекеге орай Гала концерт өтті

Мерекелік шара көк байрақты желбіретіп көтеріп, әнұран орындаумен басталды

Қазақстан полициясының 30 жыл – Алматыда мерекеге орай Гала концерт өтті Almaty.tv

Бүгін Алматыда Қазақстан полициясының 30 жылдығына және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Гала концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәулігіне 24 сағат ел тыныштығын қорғап, сын сағатта өз өмірін қиюға дайын тәртіп сақшыларының құрметіне арналған шараға ІІМ өкілдері, қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының басшылары, полицейлер мен олардың туыстары қатысты.

Мерекелік шара көк байрақты желбіретіп көтеріп, әнұран орындаумен басталды. Ал сахнада эстрада жұлдыздары ән айтып, қалалық полиция департаментінің ансамблі хор орындаса, мемлекеттік копелла үрмелі аспапта өнер көрсетті. Іс-шараға арнайы келген ІІМ-нің орынбасары жиылған қауым алдында сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

«Жиналғандар кәсіби қызметі жолында басын қатерге тігіп, Отаны үшін жан пида болған полиция қызметкерлерін еске алып, сахнада марқұмдардың құрметіне ән орындалды. Сондай-ақ еліміздің ардагер полицейлері мен шетелдің құзырлы әскери қызметкерлерінің құттықтау сөздері оқылды. Айта кету керек, кеше қала бойынша 700 тәртіп сақшысы мінсіз қызметі үшін марапатталған еді. Қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов те әріптестерін құттықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын және 6 мыңнан аса қызметкер талмай еңбектеніп жүргенін алға тартты», – деді ҚР ІІМ орынбасары Қайрат Сұнтаев

«Мерекелік концертке жиылған жұрттың қарасы көп, 2,5 мыңға жуық көрерменге арналған залда ине шаншар орын жоқ. Сағат 16:00-де басталған дүбірлі концерт 2 сағатқа жалғасты. Жалпы лаулаған оттың ішіне именбей кіріп, суға да бататын, халқы мен мемлекет алдында қабылдаған антына адалдық танытып, өзгенің амандығы үшін өз өмірін құрбан етуге дайын полицейлеріміз – біздің батырларымыз. Ал олардың қажырлы еңбегі елдің қауіпсіздігін сақту екенін хақ», – деді Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Аяулым Көлжігіт, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир