|
05.08.2020 | 21:57
6305

Бюджетке қатысу: Алматының Наурызбай ауданында 7 спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді

Мұның бәрі наурызбайлықтардың қала әкімімен кездесуінен кейінгі атқарылған істің нәтижесі

Бюджетке қатысу: Алматының Наурызбай ауданында 7 спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді Almaty.tv

Алматының Наурызбай ауданында 7 спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жасалған жоспары шеңберінде және «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жүргізілген. Қаңырап, бос жатқан жерлерге тұрғындардың өтініші бойынша заманауи үлгідегі спорттық аулалар салынды. Құрылыс жұмыстарына 127 миллион теңге бөлінген. Almaty.tv тілшісі Сая Меңдеке жалғастырады.  

Наурызбай ауданында бас-аяғы 7 ойын алаңы «Бюджетке қатысу» жобасы шеңберінде қаржыландырылып, халық игілігіне берілді. Мұның бәрі наурызбайлықтардың қала әкімімен кездесуінен кейінгі атқарылған істің нәтижесі.  

БЛИЦЫ:

- Бізде ол жерде жас балалар, кішкентай балалар көп. Бір ойнайтын жер қарастырса болады ма екен?!

– Нам поставили качели, но они уже в 5-и дворах оторвались, там цепные качели...

– Если можно где-то сделать большую игровую площадку, чтобы дети могли играть.

«Бюждетке қатысу дейміз, халықтың өзі таңдаған жұмыстары бар. Ол спорт алаңдарын, ойын алаңдарын салу», – деді Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай.

Осылайша «Қалқаман» ықшам ауданында баскетбол мен воркаут  алаңдары тұрғызылса, Кеңесбаев пен Сланов көшелерінінің қиылысында жаңа балалар алаңы салынды. Жергілікті тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

«Бұрын бұл жерде қоқыс үйіліп жататын. Жүру мүмкін емес еді. Қазір, міне, керемет. Балаларымыз күнде ойнауға осында келеді», – деді қала тұрғыны Жанар Жүсіпова.

Наурызбай ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында халық тарапынан 32 өтініш түскен болса, соның 7-еуі қабылданып, бүгінде жүзеге асты. Мына біз тұрған спорт алаңы соның бірі. Оның құрылысы маусым айында басталып, 1 ай көлемінде аяқталды.

«Былтыр жоба енгізілген кезде халық өздерінің жеке жобаларын ұсынған болатын. Сол жобалар қарастырылды. Халық өздерінің бала-шағаларының спортпен шұғылдануына ойын алаңдарын сұраған болатын. Сол кісілердің өтініштері бойынша осындай жұмыс атқарылды», – деді Наурызбай ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Данияр Садықов.

«Бюджетке қатысу» жобасы аясында биылғы жылғы жұмыстар осымен аяқталды. Енді келер жылға жоспарлар жасалуда деді әкімдіктегілер.

Сая Меңдеке, Сағынтай Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир