|
04.07.2020 | 22:09
2780

Алматыдағы №5 музыкалық мектеп қайта жөндеуден өтті

3592 шаршы метрді құрайтын мектеп 250 балаға арналған

Алматыдағы №5 музыкалық мектеп қайта жөндеуден өтті goo.kz

Алматыдағы №5 музыкалық мектеп қайта жөндеуден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бостандық ауданында орналасқан Мұқан Төлебаев атындағы білім ордасының 1934 жылы тұрғызылған ескі ғимараты сүріліп тасталып, орнына 3-қабатты жаңа нысан тұрғызылды. 3592 шаршы метрді құрайтын мектеп 250 балаға арналған.

«Барлық бөлмелерде, залдарда дыбыстың таралу заңдылықтары сақталған. Қазіргі уақытта барлық музыкалық аспаптармен жабдықталған. Оның ішінде ұлттық аспаптар да бар. Олар бұзылып қалса, ретке келтіру , жөндеу жұмыстарына арналған арнайы бөлме бар», – деді  Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының бас маманы Нұрбек Жасыбаев.

Жаңа мектепте топтық музыкалық бөлмелер оркестр залы, концерт, би залы, ата-аналардың балаларды күту залына дейін толық жабдықталған. Тіпті, тәлімгерлерге мектеп қабырғасынан шықпай-ақ, дыбыс жазуға арналған арнайы бөлме жасақталған. Жаңа ғимараттың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын тұр.  

«Өздеріңіз көрген боларсыздар, 1 жыл бұрын мына жерде 1 қабатты ескі, кішкентай ғана ғимарат болатын. Онда білім алуға еш жағдай жасалмаған еді. Енді міне, жастар қала әкімдігінен осындай үлкен сый алды. Заманауи үлгіде тұрғызылған білім шаңырағы жоғары сапалы метариалдардан жасалған», – деді  Мердігер компанияның директоры Виктор Булекбаев

Мектепте жоғары кәсіби білім алуға барлық жағдай жасалған. Мұнда Үлкен мәжіліс залы бар. Әр аспапқа жеке-жеке бөлінген кабинеттер де қарастырылыпты.  Жаңа оқу жылында су жаңа мектепке кіретін оқушылардың ата-аналары өздерінің шексіз ризашылықтарын білдіріп жатыр.

БЛИЦ:

– Ата-аналарға арналған әдемі, іші кең күту залын салып берді. Біз өте қуаныштымыз. Қуанышымызға шек жоқ.

– Мектептің бөлмелері үлкен әрі әдемі. Ең бастысы балаларымызға ыңғайлы.

Мұқан Төлебаев атындағы №5-інші музыкалық мектептің құрылысына жалпы 588 млн теңге қаржы бөлінген.

Сая Меңдеке, Нұрбол Сазабеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир