|
04.11.2021 | 16:02
720

Қазақстанда 2040 жылға қарай ауыз су тапшылығы 50% дейін жетуі мүмкін – сенатор

Әбдәлі Нұралиев ұңғыма қазуға бөлінетін субсидиялар көлемін ұлғайту керек екенін айтты

Қазақстанда 2040 жылға қарай ауыз су тапшылығы 50% дейін жетуі мүмкін – сенатор Almaty.tv

Экология мәселесі бүгін Сенатта да көтерілді. Депутат Әбдәлі Нұралиев Премьер-министр Асқар Маминнің атына су тапшылығына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол Қазақстанда 2040 жылға қарай ауыз су 50 пайызға дейін тапшы болуы мүмкін деген болжамын айтты. Оның сөзінше, еліміздің тау көлдеріне «Қазгидромет» РМК жүргізген көп жылдық бақылау нәтижесі бойынша өткен жылы қар жамылғысы айтарлықтай төмендеген.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында бірқатар нақты қадамдарды ұсынды, олардың орындалуы осы мәселені шешуге көмектесуі тиіс.  

«Су ресурстарының болжамды тапшылығын азайту мақсатында елімізде жерасты су қорларын зерттеу мен қайта бағалауды жандандыру қажет. Сондай-ақ ұңғымаларды қазуға бөлінетін субсидиялардың көлемін ұлғайту керек. Одан басқа, Қазақстанның бірқатар облыстарын сумен қамтамасыз етіп отырған Шу және Талас өзендерінің бойынан Қырғыз Республикасының «Бурулдай» су қоймасы мен «Бала-Саруу» ГЭС-ін салу жоспарларына байланысты тиісті шараларды қарау қажет», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдәлі Нұралиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир