|
04.10.2020 | 18:40
2755

Жануарларға жасалатын қатыгездік оқиғаларына жиі куә боламыз – Экология министрі

4 қазан – Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні

Жануарларға жасалатын қатыгездік оқиғаларына жиі куә боламыз – Экология министрі Фото: ашық дереккөзден

4 қазан күні Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні аталып өтті. Осы атаулы күнге орай, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-парақшасында жануарларға жасалатын қатыгездіктің азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін бүкіл әлемде жануарларды қорғау күні аталып өтілуде. Бұл күні табиғатты қорғаушылар жануарларлардың адам алдында қаншалықты қорғансыз екенін еске салады. Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз...», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр жағдайды өзгерту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырғанына тоқталды.

«Әрине, заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімдерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету керек», - деді Мағұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні Қазақстанда 2009 жылдан бері аталып өтеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир