|
31.01.2023 | 16:26
4866

Балалар қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайды

Министр 2022 немесе 2023 жылдарға арналған қаражат келесі жылға жоспарланғанын айтты

Балалар қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайды kaz.tengrinews.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың есепшотына түсетін ақшаға салық салу жоспары жоқ екенін айтты.

"Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Егер азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады", – деді Әлібек Қуантыров.

Министр 2022 немесе 2023 жылдарға арналған қаражат келесі жылға жоспарланғанын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир