|
30.01.2023 | 15:19
418

Ә. Смайылов: Бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі

Премьер-министр 2023 жылы 24,4 миллиард шетелдік инвестиция тарту міндеті тұрғанын айтты

Ә. Смайылов: Бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі Фото: Қазақстан үкіметі

Қазақстандағы қала әкімдері шетелден инвестор тартуда артта қалып келеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов Президенттің пәрменін орындай алмай жатқан өңір басшыларын сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен жылдың қорытындысын тыңдаған Үкімет басшысы, инвестиция тарту бойынша 1-2 пайыз деген көрсеткішке көңілі толмайтынын жеткізді. Өңірлер арасында Ұлытау, Атырау және Жамбыл облысы аутсайдер болып отыр екен.

«Инвестиция тарту ісі 10 пайыздан жоғары болуы керек. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 8 пайыз өстік. Биыл жоғарыда айтқан көрсеткішке өсуіміз керек. «1, 0,5, 2 процент деген сөз» жұмыс дұрыс атқарылмай жатқанын білдіреді»,деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов 2023 жылы экономикаға кемінде 24,4 миллиард шетелдік инвестиция тарту міндеті тұрғанын айтты. Сондай-ақ ол үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Жиын соңында Премьер-министр өңір басшылары мен министрлер айтылған сыннан нәтиже шығарып, өткен жылғы олқылықтарды түзету бойынша шаралар қабылдау керегін атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир