|
29.01.2019 | 19:37
3322

Биыл астық түсімі жоғары болады – АШМ болжамы

В Казахстане действует новая схема субсидирования

Биыл астық түсімі жоғары болады – АШМ болжамы

2019 жылы астық түсімі өткен жылға қарағанда жоғары болады. Ауылшаруашылығы министрлігі ел қамбаларына дәнді дақылдың бұл түрі түсімі биыл артығымен болады деп болжам жасап отыр. Профильді ведомствоның жиынында министрліктің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Департамент директорының сөзіне сенсек, осы жылы ондай жағымды жағдайға бірнеше фактор сеп болмақ. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ел аймағында 22,8 миллион тонна бидай жиналған еді.  


«Осы жылы да өнім жақсы болады деп отырмыз. Ылғал деңгейі жақсы, сапалы тұқым да береміз. Сондықтан өткен жылға қарағанда түсім жоғары болады деген болжам бар», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат СҰЛТАНОВ.

Отандық мамандар егін терімінен кейін 9 миллион тонна астық экспорттамақ. Өткен жылы Қазақстан соңғы 20 жылдағы рекордты жаңартып, экспортқа 11,6 миллион тонна астық шығарған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир