|
02.08.2022 | 20:58
1100

Доллар бағамы төмендеді – сарапшы пікірі

Доллар 3,76 теңгеге төмендеп, 475 теңгені көрсетті

Доллар бағамы төмендеді – сарапшы пікірі Ашық дереккөз

Доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Ұлттық банк белгілеген АҚШ валютасының ресми құны 479 теңге 51 тиын болғанымен, кешке бұл цифр өзгерді. Яғни, күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 3,76 теңгеге төмендеп, 475 теңгені көрсетті

«Доллардың бірде өсіп, бірде түсуін екіге бөліп қарастырайық. Бірінші, тұрақты түрде әсер ететін фактор бар. Және ағымдағы фактор бар.  Тұрақты фактор дейтін не? Біріншіден, біз әрқашан мұңайдың бағасынын өзгеруіне қарауымыз керек. Себебі, экономикамыз мұңайдың сатуына тәуелді. Неге? Себебі, нұсқау ретінде 2022 жылдын жыл басынан бастап 6-айға дейінгі аралықтағы мұңай бағасынын өсімі мен теңгенің долларға ара-қатынасын қарасаңыздар, тура байланысты көресіздер.  Екінші себеп, біздің экономикамыздың экспортының жағдайы. Яғни, біздің экспортымыз негізінен шикізатқа бағытталғанын барлығымыз білеміз. Шикізаттың көп бөлігі осы аралықта сатылғандықтан оның бағасы төмен болғандықтан доллар тағы да түседі. Үшінші негізгі фактор – импортқа тәуелділік. Біздің экономикамыз доллармен сатып алынатын өнімдерге тәуелді. Сәйкесінше, біз шет елден импортымыз жоғары болған соң экспорттан қарағанда доллардың да бағасы жоғары болады», – деді экономист Қуаныш Дүйсенов..

Жыл басында валюта бағамының тұрақсыздығы байқалған. Қуаныш Дүйсеновтың айтуынша, мың құбылған валюта бағамы ел экономикасына кері әсерін тигізеді.

«Еліміздің экономикасы, импорты шетелге тәуелді. Сәйкесінше, соңғы жылдары импортты көбінесе технологиялық, өндіруші техникаларды шетелден алуға бағыттадық.  Олардың барлығын біз доллар бағамында аламыз. Сәйкесінше елге келген кезде әлемдік долларға деген өзгеріске байланысты бағасы қымбаттайды. Елдегі шағын және орта бизнестегі кәсіпорындар сол технологияларды шетелден алған соң, тауарлар мен қызмет түрлері қымбаттауына әсер етеді. Демек долларға тәуелдіміз. Одан бөлек, біздің бағана айтқандай негізгі өніміміз, мұнай болсын, шикізаттың барлығы шет елдерге доллармен сатылады. Алдағы уақытта экономикалық рецессияға байланысты әлемде шикізаттарға сұраныс азаяды. Сәйкесінше Қазақстаннның негізгі экспорттаушы өніміне де сұраныс азаяды деген сөз. Экономика стагнацияға ұшырауға апаруы мүмкін», – деді экономист.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир