|
24.04.2020 | 21:00
2721

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен "Арнайы сұхбат"

Тіпті биліктің тәртібіне қасақана бағынбай, өзгелерді қауіпке душар қылғандар ауыр күнә арқалайтынын айтты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен "Арнайы сұхбат" muslim.kz

Ауызашар беру – сауапты іс, бірақ парыз құлшылық емес. Сондықтан Рамазан айында көрші-қолаң, ағайын-туысты ауызашарға шақырып, індеттің дендеуіне жол бермеуіміз керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы біздің арнамызға берген сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тіпті биліктің тәртібіне қасақана бағынбай, өзгелерді қауіпке душар қылғандар ауыр күнә арқалайтынын айтты. Сонымен қатар, қазіргі қиын жағдайда ораза ұстаудың сауабы мен тәртібі туралы, қабылданған шараларды тілге тиек етті.

«Мен де халықтың бірімін. Менің де бала-шағам бір айдан бері шықпай жатыр. Кейде кішкентай балаларыңыз далаға шығайықшы деп жылаған кезде жүрегің езіледі... Адамның өмірі, адамның денсаулығы үлкен аманат. Адамның өмірін сақтауына үлес қосу – үлкен міндетті іс болып есептеледі. Сүннет амал, сауапты амал жасаймыз деп, адамның өміріне қауіп төндіріп қойсақ, үлкен уәжіп амалды тәрк етіп қойсақ үлкен күнә болып қалады», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ.

Төрткүл дүние арпалысып жатқан бұл індет Жаратқанның жұмыр басты пендесіне берген сынағы ма? Асыл дініміздің тарихында мұндай жағдайлар болған ба? Оқшауланып отырып, қандай қайырымды істер мен ізгі амалдар жасауға болады? Осы және өзге де қызықты сұрақтардың жауабын "Арнайы сұхбаттан" көріп, біле аласыздар. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир