|
17.08.2022 | 21:58
1085

Еліміздегі қоғамдық кеңестердің рөлі қандай

Еліміздегі қоғамдық кеңестердің рөлі қандай

«Елдегі азаматтық белсенділікті нығайту керек». Президент Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың алдына осындай міндет жүктеген еді. Өйткені қоғамдық ұйымдардың қызметі жан-жақты дамудың маңызды факторы саналады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қоғамдық институттар 1990 жылдан, қоғамдық кеңес 2016 жылдан бастап дамып келе жатыр.  Алматының ішінде қоғамдық кеңесте комиссияға бөлінген, олардың төрағасы болады. Тек39 адам емес, 39 адамның ішінде кеңесшілерді шақырамыз. Біздің мақсатымыз – қала тұрғындарын,  белсенді адамдарды қоғамдық кеңестің жұмысына арластыру, олармен бірге жұмыс істеу. Бұл коллаборация есебінде пікірін білу және  мемлекетп, әкімшілік және тұрғындар ортасында  көпір бола білу», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов.

Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты Президент сын айтқан.  Бекнұр Қисықовтың айтуынша, сын түзелу үшін қоғамдық кеңестің рөлін көтеру керек.

«Қоғамдық кеңестің рөлін, яғни деңгейін көтеруіміз керек.  Бұл жерде қандай рөл? Мысалы қалада маслихат бар және қоғамдық кеңес бар. Бізде бүкіл бюджет, бүкіл инфраструктура дамып жатқанын көрсету мақсат. Соның бәрін біз әлбетте қараймыз. Өйткені, егер бюджет бір жерге кетіп жатса, егер ақша жұмсалып жатса, яғни бір дамытатын стратегиялық  жоспар болса, қоғамдық кеңес, қауымның алдында баяндау керек. Диалог, пікір таласатын алаңдарды көбейте беру керек. Бұл –  ашықтық. Әр  институт қоғамдық кеңестермен жұмыс істей білу керек», – деді Бекнұр Қисықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир