|
29.03.2020 | 18:43
2619

Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы иммунитет жоқ – министр

Қауіпті вирустан сақтанудың бір ғана жолы – санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек

Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы иммунитет жоқ – министр Фото: Алматы қ., РВ-90 көпбейінді инфекцияға қарсы медициналық орталық дәрігерлері

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев COVID-19 вирусына қатысты жалған ақпарат таратқандар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бізге бір сұрақ келіп жатыр. Ол COVID-19 вирусына қатысты. Бұл ауру 1965 жылы анықталған. Сондықтан ол вирустың жаңа түрі емес. Адамдардың 70 пайызы бұған қарсы тұра алады деген ақпарат тарауда. Бұл жерде ескеретін мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар мені толықтырады деп ойлаймын. Коронавирус  – вирус тұқымдасы. Оған 40-тан астам вирус кіреді. Атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. Таяу Шығыс респираторлық синдромы – ол да коронавирустың бір түрі. Шынында, 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі табылған. Бірақ ол COVID-19 емес. Сондықтан қазір коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек», - деді Дәурен Абаев онлайн брифингте

Еске салсақ, соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 271 адамға жетті. Олардың 18-і ауруынан жазылып, үйлеріне шығарылды. Өкінішке қарай, қауіпті вирустан бір адам көз жұмды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир