|
24.02.2020 | 20:16
5138

Басқа елдерде коронавирус өршіп барады – Ж.Бекшин

Италия, Жапония, Тайланд, Сингапур, Малайзия мен АҚШ елдеріндегі жағдай алаңдатады

Басқа елдерде коронавирус өршіп барады – Ж.Бекшин Inform.kz

Еліміздің бас санитары қазақстандықтарды коронавирус тіркелген мемлекеттерге бармауын сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  Тіпті сатылып алынған билеттердің құны еш қиындықсыз әрі толықтай қайтарылатынын жеткізді. Жандарбек Бекшин, әсіресе, Италия, Жапония, Тайланд, Сингапур, Малайзия мен АҚШ елдеріндегі жағдай алаңдататынын айтты.

«Өткен аптада мен Қытаймен шекараны аралап, автокөліктік, темір жол өткелдерін қарап шықтым. Ол жерде нақты бақылау бар. Бақылауды күшейту үшін біз қосымша 20 санитарлық дәрігерді қостық. Сондықтан шекарамыз күні-түні, яғни тәулік бойы тексерілуде. Бізде аспан асты елінен автобуспен, темір жолмен, ресми түрде әуе жолымен келіп жатқан жолаушылар жоқ. Осыған қарамастан аталған елдерді нақты бақылауға алдық. Басқа елдерде коронавирус өршіп барады. Ол елдерден келуге тосқауыл қойып жатырмыз. Әрбір ұшақ жіті бақылануда»,  –  деді  ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир