|
18.04.2021 | 21:11
5083

Вакцинадан бас тарту ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін – алматылықтар бір-бірін COVID-19 вакцинасын алуға шақыруда

Бұл үрдіске «Алматы электрощит зауыты» ЖШС, «Хюндай Транс» ЖШС, «КСМ Техновид» ЖШС, «Масло-дел» ЖШС, ЖЭО-2 сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар да белсене қатысып жатыр

Вакцинадан бас тарту ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін – алматылықтар бір-бірін COVID-19 вакцинасын алуға шақыруда пресс-служба акима Алматы

Алматыда коронавирус инфекциясынан халықты вакциналау жүріп жатыр. Бұл үрдіске «Алматы электрощит зауыты» ЖШС, «Хюндай Транс» ЖШС, «КСМ Техновид» ЖШС, «Масло-дел» ЖШС, ЖЭО-2 сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар да белсене қатысып жатыр. Зауыттар мен қаланың өмірлік маңызы бар ұйымдарының қызметкерлері Алматының емханалары мен сауда, ойын-сауық орталықтары базасындағы егу пункттерінде екпе салдыра бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кәсіпорындардың барлығы Алатау ауданының аумағында орналасқан. Аудандық әкімдікте атап өткендей, қызметкерлерді вакциналау қала тұрғындарының өз қалауларына қарай жүргізілді. Жұмысшылар, инженерлер, шеберлер коронавирусты вакцина салдыруды өз еркімен шешті, өйткені олардың жұмысы қызметін тоқтатуға болмайтын маңызды салалармен байланысты.

Зауыт жұмысшысы Гохарбанум Матюкова вакцинадан кейін өзін жақсы сезінетінін айтты.

«Мен ешқандай жанама әсерлерді байқамадым. Мен барлығына вакцина алуға кеңес беремін, өйткені біз тұрақты шектеу шараларынсыз қалыпты өмірге көшуіміз керек. Мен және менің әріптестерім вакцинация арқылы алынған ұжымдық иммунитет бізге ауырмауға көмектеседі, бірақ вакцинадан бас тарту және кейбір қала тұрғындарының инфекцияны жұқтырып, жазылу әдісі ағзаға теріс әсер етуі мүмкін деген пікірге келдік», – дейді Г. Матюкова.

Оның әріптесі Мадина Әсерханова 12 сәуір күні вакцина алған. Бірінші компонентті СОО-ның егу пунктінде салдырған.

«Бірінші және одан кейінгі күндері де өзімде жақсы сезіндім. Медицина қызметкерлері өте тиянақты жұмыс істеді. Вакцинация пунктінде қажеттінің бәрі болды. Мемлекетке қарапайым азаматтарға алаңдап, тегін вакцина беріп жатқаны үшін рахмет», – деді Мадина журналистерге.

Әкімдікте атап өткендей, Алатау ауданында 23 егу пункті ашылды: «Бақорда» СҮ, «Ақбұлақ», «Кенжехан-2», «Өжет», «Жібек жолы» базарларында, 14, 22, 23, 25, 29 емханаларда, Мақсат Мед, Open Medical channel, №185, 156, 181, 25 жіне 180 мектептерде.

Сонымен қатар, Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын қызметкерлері мен «Шапағат» шағын ауданы тұрғындарының қолайлылығы үшін вакцинациялаудың тағы 2 пунктін ашу жоспарлануда.

Вакцинация пункттерінде адамдар топтасып кеткен жағдайда Алатау ауданы әкімдігінің Call-орталығына 8 7272 998672 нөмірі бойынша жүгәнуге болады.

Жалпы, 16 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда аудан бойынша 131 мыңнан астам адам вакцина салдырған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир