|
28.10.2020 | 23:14
968

КВИ жұқтырған кішкентай балалар мен жасөспірімдерде ауру белгілері әртүрлі болады – дәрігер

Сәбилерде ауру жеңіл немесе симптомсыз түрде, ал жасөспірімдерде ауыр түрде өтеді

КВИ жұқтырған кішкентай балалар мен жасөспірімдерде ауру белгілері әртүрлі болады – дәрігер Фото:elements.envato.com

Коронавирус жұқтырған кішкентай балалар мен жасөспірімдерде ауру белгілері әртүрлі болады. Сәбилерде ауру жеңіл немесе симптомсыз түрде, ал жасөспірімдерде ауыр түрде өтеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары хабарлауда. Ал, Алматыда бұл жағдай қалай? Осы сұраққа дәл қазір бізбен Almaty.tv эфиріне тікелей байланысқа шыққан №12 қалалық емхананың педиатр-дәрігері Әсел Есболатова жауап беретін болады.

– Әсел ханым, кеш жарық! Не себепті коронавирустың белгілері балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі өтеді және Алматыда бұл жағдай қалай болуда?

– Кеш жарық! Иә, өзіңіз айтып өткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының айтуы бойынша да және бізде де ол жағдай балада, жасөспірім мен 15 жасқа дейінгі балада коронавирус инфекциясының балада жеңіл өтуі, үлкен жастағы балада симптоммен өте ауыр болуы оның бәрі тіркелуде. Бұл иммунитетке байланысты. Біздің де әріптестердің айтуы бойынша жалпы вирус толықтай зерттелмеген. Бірақ вирусты айтатын болсақ, бұл балаларда жеңіл, әрі симптомсыз өтеді. Оның бірден бір себебі – вирус жоғарғы тыныс жолы – мұрын, тамақтың зақымдануымен өтеді де, балада мұрыннан су ағу, жеңіл-желпі температура болуы мүмкін. Ал, үлкен адамдарда ол бронхы, өкпеге төмен түскендіктен, өзінің қосымша аурулары қосылады. Соның әсерінен өте ауыр түрде өтеді деп түсінеміз.

– Білім беру мекемелерінің қайта ашылып, балалардың мектепке баруы қауіпті ме, әлде қауіпсіз бе?

– Білім беру мекемелерінің ашылуы қауіпті де, қауіпсіз де. Қауіпті жағдайына келетін болсақ, балалардың барлығы сабаққа барғаннан кейін, бір-бірінен жұқтырып, жаппай ауруы да мүмкін. Баланы әрдайым ұстап отырмайды. Мұғалімдер анда барма, мұнда барма, маскаңды тақ дегенді. Ал, қауіпсіз жағын айтсам, өзім ана ретінде айтсам, коронавирустың екінші толқыны болып жатқан уақытта, әрине, балалардың үйде отырып, қауіпсіз жағдайда болғаны жақсы.

– Әсел ханым, ақпаратыңыз үшін рахмет. Ал, біз хабарымызды жалғастырамыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир