|
Mádenıet jáne shoý-bıznes
05.12.2019 | 09:39

Димаш Құдайберген "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды

Әнші үздік вокалшы атағына таласады, сонымен қатар "Жылдың үздік әні" марапатын иеленуге мүмкіндік алып отыр

Димаш Құдайберген "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды Sputnik

Қазақстандық танымал  әнші Димаш Құдайберген Ресейдің "Виктория" музыкалық сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы сыйлықтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланды.

Әнші бірден бірнеше номинация бойынша жүлдеге үміткер ретінде қатысады. Солардың бірі – "Жыл вокалшысы".

Тағы біреуі – Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" туындысын орындағаны үшін "Жыл әні". 

Айта кету керек, автор Игорь Крутой "Жыл композиторы" аталымында үздік атану үшін бақ сынайды.


Сондай-ақ "Любовь уставших лебедей" әнінің тағы бір авторы Михаил Гуцериев "Жыл ақыны" номинациясына ұсынылған.

"Виктория" жүлдесі бүгін Кремльде өтеді.  

Sputnik.


‡агрузка...

Прямой эфир