|
26.11.2019 | 10:00
5533

«Junior Eurovision 2019» байқауында ел намысын қорғаған Ержан Максим елге оралды

Екінші орынмен оралдым, бұл да жаман жетістік емес шығар. Барша қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз - Ержан Максим

«Junior Eurovision 2019» байқауында ел намысын қорғаған Ержан Максим елге оралды

Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision халықаралық ән байқауының екінші орын иегері, жерлесіміз Ержан Максим елге оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жас әншіні Алматы әуежайында жанкүйерлері, достары және ет-жақындары күтіп алды. Ержан мен анасы жиналғандарға рахметін айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

«Дауыс беру өте ұнады. Әділ өтті деп ойлаймын. Жақсы», - дейді Junior Eurovision-2019 байқауының жүлдегері Ержан МАКСИМ.

«Енді барлығын өздеріңіз көрдіңіздер. Өте керемет болды. Жақсы болды. Ешкімге ешқандай өкпеміз жоқ. Барлығы тек халықтың жүрегінен орын алды деп ойлаймын», – дейді Ержан Максимнің анасы Гүлмира ӘЛІБЕК.

Биылғы финалға 19 елден жас әнші қатысты. Отандасымыз Ержан екінші орынды еншіледі. Ал бірінші орынды сол елдің өкілі Виктория Габор жеңді. Енді Ержан аздаған үзілістен соң жаңа жобаларды қолға алатынын айтып қалды.

Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде жүлделі орынмен оралған Ержан Максим бүгін Алматыда журналистермен кездесіп, жоспарларымен толық бөлісетін болады. Ол туралы қорытынды жаңалықтарымыздан білесіздер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир