|
09.04.2019 | 10:30
14935

«Мінсіз, бітімі бөлек»: Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның кешінде тосын сый жасады (видео)

Димаш Құдайбергеннің ВКонтакте желісіндегі фан-парақшасында әншінің сахнада өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланған

«Мінсіз, бітімі бөлек»: Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның кешінде тосын сый жасады (видео) Sputnik

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Пугачеваның «Любовь, похожая на сон» әнін орындады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Таңғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқады.

Примадоннаның ән кеші Мәскеуде «Crocus City Hal» концерттік залында өткен. Димаш Алла Пугачеваның «Любовь, похожая на сон» әнін жеріне жеткізіп орындады. Әнді продюсер әрі композитор Игорь Крутой сүйемелдеді.

Димаш Құдайбергеннің ВКонтакте желісіндегі фан-парақшасында әншінің сахнада өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланған.

Естеріңізге сала кетсек, әлемге әйгілі қазақ әншісінің Мәскеудегі D-Dynasty концерті 22-23 наурызда Игорь Крутойдың продюсерлік орталығының қолдауымен өтті. Кремль сахнасындағы Димаштың алғашқы жеке концертіне 56 елден фанаттар келді.

Ал 29 маусымда Димаш Құдайберген астананың туған күніне орай «Астана-Арена» стадионында «Арнау» концертін береді. Белгілі болғандай, қазірдің өзінде билеттердің жартысынан көбі сатылып кеткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир