|
14.03.2019 | 10:39
15601

Данэлия Төлешова The World's Best шоуының финалына өтпей қалды (видео)

Үндістандық жас талант жеңіске жетіп, миллион долларға ие болды

Желіде Данэлия Төлешованың The World's Best жобасының финалында өнер көрсеткен сәті жарияланды. Жерлесіміз жартылай финалда америкалық әйгілі әнші Pink-тың туындысын шырқаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Данэлия What About Us әнін орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырды. Ру Полл Данэлияның өнерін жоғары бағалап, оған «супер жұлдыз» деп баға берді. Алайда Данэлия үндістандық Лидиан Надхасварамнан жеңіліп қалды.

Жерлесіміз финалға өте алмады. Үндістандық жас талант жеңіске жетіп, миллион долларға ие болды.

Данэлияның өнерін бұл күні анасы залда отырып тамашалады.

Үндістандық Лидиан финалға шығу үшін екі бірдей қазақстандықпен жарысты. Алайда Димаш Құдайберген балалармен жарысудан бас тартқандықтан, бұл орынға Данэлия екеуі таласты. Ақырында екі бірдей рояльмен Бетховен мен Шопеннің туындысын орындаған Лидиан жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің балалармен жарысудан бас тартып, шоудан кеткенін жазған едік.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир