|
01.11.2019 | 10:41
7092

19 жастағы қазақ жұмысшысының жазған трегі әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді (видео)

Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған

Павлодарлық студент Иманбек Зейкенов америкалық рэп әншісі Карлос Сент-Джонның әнінің ремикс нұсқасын жазған. Аталған ән 4 аптадан бері әлемдік чарттардың үздік ондығынан көрінуде. Бұл туралы  Рavlodarnews.kz басылымы хабарлады.

Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған.

Иманбек Зейкенов – Павлодардағы көлік және коммуникация колледжінің 4-курс студенті. Ол Ақсу қаласында дүниеге келген. Жігіттің арнайы музыкалық білімі жоқ. Алайда музыканы жүрегімен сезінетінін айтады.

«5 ай бұрын темір жол станциясына сигналшы болып жұмысқа орналастым. Бұл жұмыс трек жазумен үйлеспейді. Алайда мен музыкамен айналысқаннан үлкен ләззат аламын. Saint JHN әніне жазған трек  – екі сағаттық тәжірибемнің нәтижесі. Ол мұншама сәтті болады деп ойламадым. Содан бастап Saint JHN лейблімен серіктестігім басталды. Күндердің күнінде Карлос Сент-Джонмен танысамын деп үміттенемін», - дейді жас жігіт.

Жас музыкантқа Lithuania HQ Records және ресейлік Effective Records музыкалық компаниялары алғашқылардың бірі болып серіктестікті ұсынған. Иманбек Зейкенов ресейлік компаниямен ортақ жұмыс туралы келіскен.

«Effective Records лейблін бұрыннан білемін. Сондықтан оларға сендім. Әр жаңа тректі жазған сайын тағы жаңа туынды жазуға деген әуестік пайда болады... Кейде әуен миымда аяқ астынан пайда болады. Осылайша, импровизация басталады. Достарымның кеңесіне құлақ асамын», - дейді Иманбек Зейкенов.

Ремиксті және әннің түпнұсқасын тыңдай отырып, қазақстандық жігіттің өнеріне тәнті болмау оңай емес. Әннің екі нұсқасын тыңдап, әділ баға беріңіз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жұмысшы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир