|
13.02.2019 | 10:48
5938

60-тан асқан Айжан Нұрмағамбетова ел күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші q-поп жанрында ән орындауды армандайды

60-тан асқан Айжан Нұрмағамбетова ел күтпеген мәлімдеме жасады Comode.kz

Алпыстан асқан Айжан Нұрмағамбетова q-поп жанрында ән орындауды армандайды, деп жазады NUR.KZ.

Көпшілік «q-поптың анасы» санайтын әнші жаңа бағыттағы өнердің өзіне ұнайтынын жеткізді.

«Жаңашылдыққа менің жаным құмар. Өнер адамы үнемі солай болу керек. Ерекше стиль, әдемі әуен өнердің белгілі бір кереметі. Мен де «q-поп жанрында ән айтсам ба» деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біз қандай ән айтқымыз келсе де өз қолымызда. Себебі, қазір сондай уақыт. Не киіп, қалай жүреміз бұл бірінші кезекте өзіміздің таңдауымыз. Q-попты әлем мойындаған. Мен де мойындаймын. Ел сахнасында осы жанрда жақсы ән айтып жүрген әншілер жетерлік», - дейді Айжан Нұрмағамбетова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир