|
03.11.2019 | 10:57
8243

Ресейлік телеарна Димаштың қызықты сұхбатын жариялады (видео)

2 қарашада "НТВ" және "Муз-ТВ" телеарналарында еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің қатысуымен екі бағдарлама көрсетілді

Димаш "НТВ" арнасында "Орталық телевидение" бағдарламасының сахнасында "Знай" әнін орындады. Шығарманы композитор Игорь Крутой сүйемелдеді.

Қазақстандық әнші және Игорь Крутой Вадим Такменев жүргізетін "Орталық телевидение" бағдарламасына қатысты. Жүргізуші эфир барысында Димаш Құдайберген алмұрт жеп тұрған видеоны 250 миллион адам көргенін айтты.

Такменев әншіден "НТВ" арнасында жеміс жемесе де, жеміс-жидекке толы себетті ұстауын сұрады.

Димаш бағдарлама барысында жаңа композиция орындады, ал бейнебаянның тұсауы қазан айының басында кесілген еді.

Бұған қоса, кеше кешке Димаш Құдайбергеннің ән шырқаған сәті "Муз-ТВ" телеарнасынан көрсетілді. Көрермен назарына "Әнші Аллаға сыйлық" атты концерт ұсынылды. Онда жарты жыл бұрын Димаш Игорь Крутой мен Валерия Горбачеваның "Любовь, похожая на сон" туындысын орындаған болатын. Бұл видео YouTube-та алты миллион рет қаралыпты.

Sputnik.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Димаш ән
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир